Пандемия жағдайында бизнесті шектеу мен тексеру шаралары ашық жүргізілуі керек. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте мәлімдеді.
– Пандемия жағдайында бизнесті шектеу мен тексеру шаралары ашық жүргізілуі керек. Жүйелі түрде, қасақана тәртіп бұзғандарды ғана жазалау қажет. Прокуратура жанынан рейд кезіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы хабарлайтын колл-орталық ашылуға тиіс.
Үкімет парламентпен бірлесіп мына уақытша шараларды жүзеге асырғаны жөн: 1. Зардап шеккен салалардағы шағын және орта бизнес нысандарының жекелеген салықтары мен төлемдерін шегеру; 2. Салықтық және кедендік қарыздарын мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтату, – деді президент.
Министерству здравоохранения и руководству «СК-Фармация» следует обеспечить строгий контроль за качеством и достаточными объемами средств индивидуальной защиты для медиков. pic.twitter.com/czXYRsAcKQ
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) April 2, 2021
Пікір қалдыру