"3 адам қаза тапты". Түркістан облысында жүргізуші жылқыны қаққан

/image/2021/04/05/crop-8_21_442x785_18372a9dcced8d7110e2e800fab5ea12.jpg

Түркістан облысында жол-көлік оқиғасынан үш адам көз жұмды, – деп хабарлады Polisia.kz сайты.

Сайт мәліметінше, 3 сәуір сағат 20:30 шамасында Самара-Шымкент тас жолы бойында шымкенттік тұрғын өзінің Tayota Camry 50 маркалы көлігімен жолдың сол жақ бетінен шыққан жылқыны қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болған. Оның ішінде екеуі ерлі-зайыпты, біреуі олардың немересі.

Көлік жүргізушісі алған жарақатынан Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне түскен. Ол – қаза болғандардың күйеу баласы.

Аталған жайтты Ордабасы аудандық полиция бөлімі қылмыстық кодекстің 345-бабы ("Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша тіркеуге алды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар