Коронавирус жұқтырғандар арасында 474 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
7 сәуірдегі мәлімет бойынша, 28 624 адам короновирус инфекциясынан (27 672 КВИ+ және 952 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 10 477 пациент стационарда, 18 147 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
"КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 474 адамның жағдайы ауыр;
• 148 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 79 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр" делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде бір тәулік ішінде 2080 адамнан коронавирус анықталып, 27 адам қайтыс болған. 116 адамнан пневмония табылып, 4 адам көз жұмған.
Пікір қалдыру