Қазақстанның тағы бір облысы коронавирустың “қызыл” аймағына енді

/image/2021/04/07/crop-157_20_781x1041_8c1900cd-afd2-4974-a7c9-1a9e56e4dcdd.webp

Қазақстанның сегіз өңірі коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен Алматы, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта.

"Сары" аймақта тек Шымкент қаласы тұр. 

Ал қалған барлық өңір "жасыл" аймақта.

эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар