Парламент мәжілісінің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Бұл туралы мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Заң жобасы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың, шетелдік азаматтардың қатысы бар заңды тұлғалардың, халықаралық ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың қатысы бар ғылыми орталықтардың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жекеменшік құқығымен және уақытша жер пайдалану құқығымен қандастардың иеленуіне тыйым салуды енгізуді көздейді.
Осыған байланысты, жер заңнамасынан шетелдік жер пайдаланушыларға және шетелдік қатысу үлесі бар бірлескен кәсіпорындарға, сондай-ақ қандастарға ауыл шаруашылығы жерлеріне құқықтар беру мәселелерін регламенттейтін құқықтың материалдық нормалар алып тасталды.
2016 жылғы 1 шілдеге дейін жалға берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалға алу шартының мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.
Пікір қалдыру