Алматыдағы көптеген вакцинация орталықтарында вакцина таусылды. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, 1 ақпаннан бастап 47 275 адам вакцина салдырған. Оның 8805-інде екі компонентті және олардың электронды вакцинация паспорты бар.
"Өткен тәулікте 2960 адамға вакцина егілген. Қалалық вакцинация орталықтарының көпшілігінде "Спутник V" ресейлік препараты таусылған. Енді тек 9 сәуірде 57445 доза, 13 сәуірде тағы 57445 доза келеді деп күтіліп отыр" делінген хабарламада.
Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұр.
Пікір қалдыру