Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.
– Азаматтарымыз әлеуметтік желілерде мемлекет басшысының бұған дейін қазақстандық вакцина салдырамын деп, бірақ оны күтпей, "Спутник-V" екпесін алғаны жөнінде сұрақтар қоюда. Президенттің әрқашан да отандық өнімді қолдайтынын сенімді түрде айта аламын. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда шығарылған вакцинаны салдырды және біздің ғалымдарға толық сенеді. Қазақстандық вакцина өндірісі іске қосылғаннан кейін мемлекет басшысы Жамбыл облысына барып, кәсіпорынның жұмысымен арнайы танысуды жоспарлап отыр. Президент келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті. Президент коронавирусқа қарсы күресте халықты жаппай вакцинациялаудан басқа балама жоқ екеніне сенімді, – деп жазды Берік Уәли.
Бұған дейін президент Қ.Тоқаев Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған ресейлік "Спутник-V" вакцинасын салдырғаны хабарланған.
Пікір қалдыру