Алматы облысында жол-көлік оқиғасынан бір адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Апат болған жерден түсірілген видео police.kz Іnstagram парақшасында жарияланды.
Оқиға 8 сәуір сағат кешкі 18:00 шамасында Қарасай ауданында болған.
"Toyota Estima маркалы көлікті басқарған жүргізуші Алматы-Бішкек тас жолымен батыс бағытта жүріп келе жатқанда 22 шақырымда тұрған "ГАЗ-53" маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында Toyota Estima-ның 46 жастағы жүргізушісі көз жұмды. Ал жеңіл көліктің 44 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен Қаскелең қаласындағы ауруханаға жеткізілді" делінген полиция департаменті таратқан хабарламада.
Қазір аталған іс Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру