"Ай сайын 2 млн адамға вакцина салынбақ". Президент Мамин мен Цойға тапсырма берді

/image/2021/04/23/crop-7_12_495x985_105815318800.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Мамин мен денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады, деп хабарлады Ақорда сайты.

Үкімет мүшелері мемлекет басшысына елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, халыққа вакцина салу барысы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері жайында ақпарат берді.

Сондай-ақ кездесу барысында отандық QAZVAC вакцинасының өңірлерге жеткізілуі және халыққа екпе егуге қатысты қабылданып жатқан шаралар жайында айтты. Асқар Маминнің айтуынша, сәуірден бастап ай сайын 2 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр.

Премьер-министр 26 сәуірден бастап "ASHYQ" қосымшасын барлық облыстар кең көлемде қолданыла бастайтынын атап өтті. Бұл "қызыл" және "сары" аймақ кезінде экономиканың әртүрлі секторының қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік бермек.  

Мемлекет басшысына берілген ақпараттарға сәйкес, жұқпалы аурулар ауруханасындағы орындар 42 пайызға, жан сақтау бөлімдері 28 пайызға толық. Дәрі-дәрмектің, жеке қорғаныс құралдарының қажетті қоры жасақталған, ПТР-зертханалары күніне 123 мың адамға дейін қызмет көрсете алады. 25 мың төсек-орын қоры бар, барлық өңірде заманауи құралдармен жабдықталған жаңа жұқпалы аурулар ауруханалары жұмыс істеп тұр. 

Кездесу соңында президент үкіметке отандық вакцина өндірісін арттыруды және оның халыққа қол жетімді болуын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар