Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды халықтар достығының, бірліктің және бейбітшіліктің символына айналған 1 мамыр мерекесімен құттықтады.
– Барша қазақстандықтарды еліміздің татулығы мен тұтастығын бейнелейтін «Бірлік күні» мерекесімен құттықтаймын. Көпұлтты халықтың ырысы мен ынтымақтастығы және бейбіт өмірі – біздің басты байлығымыз. Сондықтан, осындай айтулы мейрам ұлттар арасындағы достықты одан әрі тереңдете түседі, – деді Нұрлан Нығматулин.
Осы ретте, мәжіліс төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, әрқашан халықтың береке-бірлігіне, қауіпсіздігіне, тұрақтылығы мен тыныштығына баса назар аударып, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың негізін қалағанын атап өтті.
Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин бүгінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы бағытты одан әрі жалғастырып келе жатқанын айтып, барлық қазақстандықтарға, әрбір отбасына бақ-береке, молшылық, елімізге тыныштық тіледі.
Мәжілістің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру