Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын хабарлады.
Министрліктің мәлімдеуінше, мектеп оқушылары үшін 2020-2021 оқу жылы 25 мамырда аяқталады.
– Барлық мектепте оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Сонымен бірге 19 маусымға дейін жазғы мектептер жұмыс істейді. Балалар өз қалауы бойынша, ата-аналарының өтінішімен 19 маусымға дейін сабақтарға қатыса алады. Мұғалімдердің еңбек демалысына қатысты еш өзгеріс болмайды. Педагогтер әдеттегідей жазда 56 күн демалады. Барлық жұмыс заң аясында, құқықтық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылады. Біз келесі жылы да пандемияның салдарын ескеруіміз керек. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы тиісті жұмыс атқаруы қажет, – деді Асхат Аймағамбетов.
Пікір қалдыру