Бір тәулікте елде 2298 адамнан коронавирус табылып, 29 науқастан пневмония анықталған. 34 адам короновирустан, 5 адам пневмониядан қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы ресми саны 332 369 адамға жетсе, 2020 жылғы 1 тамыздан бастап жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасына сәйкес, 23 122 адамнан пневмония анықталған.
5 мамырдағы ақпарат бойынша 44 572 адам короновирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 15 015 пациент стационарда, 29 557 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандардың арасында 784 адамның жағдайы ауыр, 196 пациенттің жағдайы өте ауыр, 117 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2021 жылғы 5 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 486 543 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.
Пікір қалдыру