• Moderna компаниясы халықаралық COVAX механизмі аясында дамушы елдер үшін COVID-19-ға қарсы 500 млн вакцина беруге әзір.
• АҚШ-тың федеральдық қор жүйесі 2021 жылы АҚШ экономикасының өсімі 7%-ды құрауы мүмкін деп отыр.
• Facebook Трамптың аккаунты туралы шешімді 5 мамырда қабылдайтынын айтты. Оның аккаунты президент сайлауы кезінде әдептен тыс, этикаға жат, қызметтік құқын асыра пайдалану секілді себептермен бұғатталған болатын.
• АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен АҚШ 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпиадаға бойкот жариялауы мүмкін екенін ымдады.
• Джо Байден биылғы жылға босқындар лимитін 62,5 мыңға көтеретінін жариялады.
• Кеше Украинаның қатысуымен Defender Europe 21 оқу-жаттығу ойындары басталды. Бұл оқу-жаттығулар 1995 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазіргісі маусым айына дейін созылады. Ол әзірге оңтүстік-шығыс Еуропадағы аса ірі оқу-жаттығу болмақ. Оған АҚШ қарулы күштері, НАТО және альянстың әріптестері қатысып жатыр.
Мақсаты – әскери әріптестікті күшейту, АҚШ Қарулы күштері мен НАТО, және басқа да одақтастар арасында стратегиялық және оперативті дайындық пен өзара ықпалдастықты арттыру.
27 мемлекет қатысқалы отырған бұл оқу-жаттығулар ондаған елдерде өтетін болады, 28 мыңнан астам әскери адам қатысады. Жалпы географиясы – Балқан түбегі, Албания, Прибалтика, Қара теңіз және Африка аймағы.
Қуаныш Еділхантегі
Шолушы
Пікір қалдыру