5 мамырда 3833 адамнан коронавирус, 177 адамнан пневмония анықталған. Бүгін жарияланған 4 мамырдағы дерекке сай, 37 адам коронавирустан, 6 адам пневмониядан өлген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
6 мамырдағы мәлімет бойынша, 43 253 адам коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 14 489 пациент стационарда, 28 764 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Індетке шалдыққандардың арасында 780 адамның жағдайы ауыр, 195 пациенттің жағдайы өте ауыр, 121 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
6 мамырдағы мәлімет бойынша, 1 млн 565 мың 681 адам короновирусқа қарсы вакцина салдырған.
Пікір қалдыру