“174 адамның жағдайы өте ауыр”. ДСМ хабарламасы

/image/2021/05/08/crop-146_9_782x1042_8d3f3054-aa50-4331-8320-f81921e5586a.png

Бір тәулікте елде 2587 адамнан коронавирус табылып, 119 науқастан пневмония анықталған. 31 адам коронавирустан қайтыс болған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы ресми саны 340 239 адамға жетсе, 2020 жылғы 1 тамыздан бастап жүргізіліп келе жатқан пневмония статистикасына сәйкес, 53 519 адамнан пневмония анықталған.

8 мамырдағы ақпарат бойынша 42 695 адам короновирус пен пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 14 656 пациент стационарда, 28 039 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Індетке шалдыққандардың арасында 803 адамның жағдайы ауыр, 174 пациенттің жағдайы өте ауыр, 106 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2021 жылғы 8 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 661 609 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар