Орталық музейді "Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет" қайырымдылық акциясы өтті

/image/2021/05/11/crop-130_22_1033x1377_0000.jpg

Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде Жеңіс күніне орай "Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет"  қайырымдылық акциясы өтті. Акция ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.  

Аталмыш акция аясында Орталық музей қызметкерлері  санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, "Ардагерлерімізді бірге құттықтаймыз!" бағыты бойынша музейдің тұрақты серіктестері мен демеушілері ұсынған сыйлықтарды табыс ету үшін  ардагерлердің үйіне  жол бастады.

"Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет"  қайырымдылық акциясы ардагерлер бізге сыйлаған бейбіт күн үшін алғыс пен ризашылық  білдірудің тағы бір мүмкіндігі болды. Акцияда А.Розыбақиев атындағы №153 мектеп гимназиясы мен №176 мектеп гимназиясы оқушылары өнер көрсетті. 

ҚР Орталық музейінің «Ерлікке тағзым – ардагерлерге құрмет» қайырымдылық акциясы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қолдау көрсеткендер: Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулдығы, ЖК «Аламәт» продюсерлік орталығы, «Мирас» аналар қоғамдық бірлестігі, «By ArT» көркем студиясы, «Buketych FLOWERS» гүлдер дүкені, «Бостан» ЖШС,  «Magnum Cash&Carry» ЖШС, CEZARO ЖК, ZUGO HOME TEXTILE компаниясы,  «Алатау-құс» ЖШС, «Sabiland» ЖШС, «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС, «Назик» ЖШС, «Tea House» - ТМ «АССАМ шай» ЖШС, «АПТЕКАПЛЮС» ЖШС, «Lemonadoff Food» ЖШС, «Жаннаның бауырсақтары»,  «Platinum sharks 2.0» ЖК, «VITA BOTTLERS КАЗАХСТАН» ЖШС, «ОРИМИ СА»-Кофе Jardin» компаниясы.  

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар