Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ораза айт намазына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ҚМДБ-ның ресми сайты хабарлады.
ҚМБД еліміз бойынша мешіттердің аулаларында Ораза айт намазы оқылатынын мәлімдеді.
Мешітке келгенде адамдар келесі талаптарды сақтауы тиіс:
- бетперде (маска) киіп келу;
- үйден дәрет алып келу;
- намаздан соң қол беріп амандаспау;
- намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту;
- жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
- науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал.
ҚМДБ жұқпалы індетті таратпау үшін әрбір азамат қоғам алдындағы жауапкершілігін сезініп, санитарлық талаптарын қатаң сақтауға және мешіт тәртібіне бағынуға шақырды.
Пікір қалдыру