Аймағамбетов Қазан мектебіндегі атысқа қатысты мәлімдеме жасады

/image/2021/05/12/crop-100_6_526x701_02.jpg

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Татарстанның Қазан қаласында болған жағдайға байланысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жариялады. 

Министр Қазан қаласының мектебінде болған террорлық акт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қайғылы жағдай ешкімді бей-жай қалдырмағанын атап өтті.

– Біз осы қайғылы оқиғалардан сабақ алуымыз керек. Кеше осы мәселелер бойынша кеңес өткіздім. Ағымдағы жағдайға талдау жүргізуді және жақын арада балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық деңгейлерде қосымша кешенді шаралар қабылдауды тапсырдым, – деді Асхат Аймағамбетов 

Ведомство басшысы психологиялық қызметтердің жұмысына және қолайлы жағдайлар жасауға назар аудару керектігін айтты. 
 
– Бұл тек бақылау камералары, өткізу режимі, күзет дабылы, дабыл түймелері ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайлардағы қызметкерлер мен оқушылардың мінез-құлқы мәселері ғана емес. Көп нәрсе нақты және дамыған әрекеттерге байланысты. Бұл үлкен және бірлескен жұмыс. Балалар – біз үшін ең қымбат және олардың қауіпсіз болуына бар жағдайды жасауымыз қажет, –  деді ол.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар