Танымал журналист, ұлттық құндылықтарды ұлықтап жүрген азамат, жылқы мәдениетін зерттеуші Бағдат Мұхтарұлы барша қазақстандықтардан көмек сұрайды.
Алашқа адал әрі жанкешті қызметімен белгілі азаматтың жағдайын естіген жұрт шама-шарқынша көмектесе кетті. Нәтижесінде қажет қаржының 90%-ы жиналды. Енді қалғаны 3 миллион теңге. Ерім деп еміренген елі барда оның да жиналары сөзсіз. Қазір Бағдаттың анализі Минскіге жолданып, соңғы тексеру-бақылау сатысында тұр. Одан өте сала белсенді бүйрек іздеу кезегіне қойылады. Ондағылар көп күттірмей дәл келетін бүйректің табылатынын айтып сенім ұялатты. Табыла қалғанда келісім-шартта көрсетілген ақшаны (30 миллион теңгені) алып, бір апта ішінде Минскіге жетуі керек. Ондай жарқын сәттің жақындап қалғаны анық. Ал біз елдігімізді тағы да бір мәрте көрсетіп, емге қажет қалған ақшаны (3 миллион теңге) дайындай берсек нұр үстіне нұр болар еді. Алла сауаптарыңызды еселесін!
Пікір қалдыру