Ресейлік журналист Юрий Дудь қазақстандық "ИК" (Ирина Кайратовна) өнер ұжымынан сұхбат алды. ВДудь youtube арнасында жарияланған 2 сағатқа жуық уақытқа созылатын сұхбат негізінен топ шығармашылығы, олардың Қазақстан қоғамындағы жағдайларға бейнебаяндары арқылы көзқарас білдіруі, қазақ халқының менталитеті туралы өрбиді.
Сұхбаттың 33 минутында журналист топ режиссері Қуаныш Бейсекеев Қазақстандағы жемқорлық, бюджет қаражатын жымқыру деректері туралы айтады.
– Қазақстанда өте жиі жымқырады. Бұл елдегі басты мәселелердің бірі. Ұрлайтын адамда "ұрлау - жаман әрекет" деген моральдық принцип болмайды. Ондай адамдар дамымайды, олар келесі ұрпақ туралы ойламайды, елдің дамуы туралы басын қатырмайды. Мұндай адамдар ақырына дейін өзінің билігін сақтап қалуға тырысады. Өйткені олар үшін билік ақша табудың оңай жолы болып кеткен. Мұндай адамда билікте отырғанда, маңына нағыз көшбасшыларды, емес, өзіне адал адамдарды жинайды. Айталық, әкім мықты саясаттанушы, топ-менеджер болғаны үшін емес, билікке адал болғаны үшін ғана орынтағында отыр. Бұл олар үшін өте маңызды. Биліктегі тізбек осындайлардан құралған. Ал мұндай үкіметте даму болмайды, – деді режиссер.
Пікір қалдыру