Алматыдағы жол апаты: 22 жастағы полицей қайтыс болды

/image/2021/05/19/crop-110_5_436x581_photo_361877.jpeg

Алматылық 22 жастағы полицей Надир Қалымов жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы қжол полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы 19 мамыр таңғы сағат 9-дар шамасында Алматы облысының Қарасай ауданында болған. Полицияның кіші сержанты Н.Калымов түнгі ауысымнан үйіне қайтып келе жатқанда жол апатына түскен. Полицей алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған.

"Көлді-Жалпақсай тас жолында Mazda-626 автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, 1999 жылы туған инспектор Надир Қалымов басқарған Lada Granta автокөлігімен соқтығысқан. Түрлі дене жарақаттарын алған Mazda жүргізушісі ауруханаға жатқызылды" делінген хабарламада.

Қазір аталған факт Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Полицияның кіші сержанты Қалымов Н.Д. ішкі істер органдарында 2019 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет еткен. Оның артында анасы мен жүкті әйелі қалды.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар