Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов instagram парақшасында Ақмола облысы Талапкер ауылындағы жалпы білім беретін мектеп түлектерінің алдында сөйлеген сөзінің видеосын жариялады.
Министр онда мектепті бітіріп, университет қабырғасын енді тәмәмдаған тұстағы кездескен қиындықтар туралы айтып, түлектерді қателесуден қорықпауға, қиындыққа мойымауға, армандауға, өзгеше болудан қашпауға шақырады.
Талапкер ауылы 2020 жылы тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда қаза тапқан азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің ауылы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдыру