Кеше бір доллардың 300 теңгеге дейін қымбаттауын оңтайлы пайдаланғысы келген белгісіз топ Whatsapp желісі арқылы «Алтынның» нарыққа енгендігі туралы ақпарат таратқан. Сонымен қатар, жалған ақпарат таратушылар хабарламада жұртты долларды теңгеге айырбастауға үгіттеген. Бұл туралы «Қамшы» порталы Астана арнасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.Ұлттық банк Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай валютаның қолданысқа шыққаны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарды .
Белгілі болғандай суретте ойдан шығарылған валюта үлгілері бейнеленген.
Ал, Ұлттық банктегілер бірыңғай валюта шығару үшін көптеген халықаралық келісімдер жасасу қажет, қазір ондай келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ екенін айтып, әлеуметтік желілердегі ақпарат шындыққа жанаспайды деп қысқа қайырды. Теңгенің күннен күнге құны түскен кезеңде белгілі бір мүддесі бар топтар халықты арандатушылыққа жетелеуі мүмкін. Сондықтан, ресми ақпарат көздерінің деректеріне назар салыңыздар.