Теңге бағамы тұрақтайды

/uploads/thumbnail/20170708194301478_small.jpg

Теңгенің ресми құнсыздануы Ұлттық банктің ішкі валютаны еркін айналымға жіберген күнінен басталған болатын. Бастапқыда саясат осындай болды ма, әлде ахуалды реттемесе, жағдайдың қиындай беретінін сезді ме  Ұлттық банкті басқарып отырғандар валютаны қадағалауды қолға алуды ұйғарды. Бұл туралы «Қамшы» порталы банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.Демек, жағдайды тұрақтандыруға арналған Ұлттық банктің шынайы мүддесі былай ысырылып, ендігі кезекте халық алдында ұпай жинау науқаны басталады. Ұлттық банк теңгенің айырбастау бағамының нарықтық деңгейінің қалыптасуына араласпайды, бірақ елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет болған жағдайда, валюталық өктемдіктерді жүргізу жолымен ішкі валюта нарығына қатысуға мүмкіндігі бар. Ұлттық банктің валюталық өктемдігі әзірге  144 миллион долларды құраған. Деседе, жағдайды мұндай жолмен реттеу- мәселені уақытша ғана шешетіндігіне көзіміз жеткен. Демек, бұл дағдарыстан құтқаратын жол емес. Керісінше, жағдайды бұлайша реттеу Ұлттық банктің өзіне кері әсерін тигізуі мүмкін

Айнұр Төлеу

 

Қатысты Мақалалар