"10 миллион теңгеден астам". Жамбыл облысында ауыл әкімі ақша жымқырғаны үшін сотталды

/image/2021/05/30/crop-179_5_1065x1420_2021_01_22_d6b999d2-fd1d-49fd-a943-69b7669868ec.jpeg

Жамбыл облысында ауыл әкімі 10 миллион теңгеден астам қаржы жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

"Байзақ ауданы Бәйтерек ауылдық округінің әкімі "Сәулет 2012" ЖШС мердігер ұйымының басшысымен келісе отырып, Сарыкемер ауылының көшелерін жарықтандыруды жөндеуге арналған 10 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған. Бұл ретте тараптар күмәнді мәліметтері бар объектіні қабылдау-тапсырудың жалған актілеріне қол қойды, бірақ іс жүзінде жұмыс орындалмады" делінген хабарламада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар