Алматы енді жаңаша салынатын болады

/image/2021/05/31/crop-10_131_697x1239_almaty-gorod-foto.jpg
 
Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс VІ сессиясында "Қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау ережелері" қабылданған. Оған сай, ғимарат биіктігі рұқсат етілген биіктіктен, қоршаған аймақтағы құрылыстардың орташа биіктігінен асып кетуіне, тарихи аймақтағы әрі 50 метрге дейінгі радиустағы тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғалатын аймақтарындағы сәулеттік шешімінің бұзуылуына жол берілмейді.
 
Алматының Жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджановтың  айтуынша, қала құрылысының ерекше аймақтарына шекарасы қаланың Бас жоспарында бекітілген қала құрылысының ерекше бақылауындағы тарихи орталықтар, сондай-ақ тарихи және мәдени ескерткіштер қорғалатын аймақтар жатады.

– Тарихи орталық шекарасында реставрациялық әрі заңнамада көрсетілгендей, ескерткіштерді жаңғырту немесе қорғау бойынша жұмыстар жүргізуге, қасбеттік шешімдерді және абаттандыруды сақтай отырып, кәсіпкерлік қызметтер үшін тұрғын үйлерді немесе олардың бірінші қабаттарын қайта жабдықтауға рұқсат етіледі, – деді А. Ахмеджанов.

Ереже бойынша, қорғалатын аймақтардағы тарихи және мәдени ескерткіштердің құрылымын және тарихи ғимараттардың стилі, пропорциясы мен биіктігін бұзуға тыйым салынады. Сондай-ақ рұқсат етілген биіктіктен, қоршаған аймақтағы құрылыстардың орташа биіктігінен асып кетуге, тарихи аймақтағы әрі 50 метрге дейінгі радиустағы тарихи-мәдени ескерткіштердің қорғалатын аймақтарындағы сәулеттік шешімінің бұзуылуына жол берілмейді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар