Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева COVID-19 вакцинасының алғашқы дозасын салдырған тұрғындар арасында ұтыс ойны ұйымдастырылатынын хабарлады.
"Лотереяға қатысу үшін сізге 29.05.21 ж. бастап 04.06.21 ж. дейін Жетісу ауданының вакцинация орталықтарына вакцинаның бірінші компонентін алуға келу қажет. Қорытынды 5 маусым сенбі күні шығарылатын болады" деп жазды Гүлнар Көкебаева өзінің instagram парақшасында.
Ұтыс ойнында 21 адамға сыйлық беріледі. Бас жүлде – Samsung Galaxy S21 смартфоны. Сонымен қатар 5 негізгі жүлде және 16 қосымша жүлде болады. Ұтыс ойнын Гүлнар Көкебаеваның instagram парақшасынан тікелей эфирден 5 маусымда сағат 15-00-де көруге болады.
Акция Алматыдағы жаппай вакцинацияны танымал етуді көздейді. Мұндай акция осыған дейін де ұйымдастырылып, жеңімпаз IРhone 12 ұтып алған.
Пікір қалдыру