Қазақстанда туристердің жоғалуы жиілегеннен кейін арнайы қосымша әзірлеу ұсынылды

/image/2021/06/02/crop-15_87_408x726_76c88dba-1236-4b9d-b6d2-975b3373ee39-750x563.jpg

Мәжілістің жалпы отырысында депутат, "Nur Otan" партиясы фракциясының мүшесі Дархан Мыңбай премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановқа елде туристік маршруттармен саяхаттау кезінде адамдар тап болатын қатерлерге қатысы депутаттық сауал жолдады.

Депутаттың Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде 7 студенттің жоғалып кеткенін, олардың 3-еуінің қаза тапқанын атап өтіп, туристік навигация жүйесін, оның ішінде туристің онлайн навигаторын жедел енгізу қажеттігін көтерді.

"Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және "Nur Otan" партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасындағы міндеттерді орындау үшін мыналарды ұсынамыз:

1) Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және Мәдениет және спорт министрліктері интеграцияланған туристік навигация қосымшасын әзірлесін және оны басым туристік аймақтардың үздік ондығының бірінде (Алматы өңірінің тау кластері, Түркістан өңірі, Нұр-Сұлтан қаласы) пилоттық жоба ретінде іске қоссын.

2) Төтенше жағдайлар министрлігі, Казгидромет басқа да тиісті қызмет көрсететін мекемелер мен жергілікті атқарушы органдар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым жағдайды болғызбау үшін әлеуметтік желілерде, БАҚ арқылы туристік маршруттар бойынша шұғыл ауа-райы болжамы (мысалы, «Казметеотур») басқа да сақтық шаралары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін" делінген ақпараттық хабарламада.

25 мамырда Түркістан облысындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында Назарбаев университеті мен мектеп түлектерінен тұратын 7 адам жоғалғаны хабарланған. Туристер 21 мамырда "Сары-Айғыр" шатқалына жаяу бет алған. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге оралуы керек еді. 28 мамырда жоғалған 7 адамның 3-еуі табылған. Олар дін-аман. Ал 29 мамырда 2 адамның денесі табылды. Қалған  адамның тағдыры әзірге беймәлім.

Ал 29 мамыр күні Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, соның салдарынан экспедицияда жүрген мұғалім, ата-ана, оқушылардан тұратын топтағы бір мұғалім мен бір оқушы мерт болып, оқушы тәулікке жуық уақыттан кейін табылған. Тағы 6 адам зардап шеккен.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар