Қазақстанның 2 өңірі коронавирустың таралу деңгейі бойынша "қызыл" аймақта. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы және Қарағанды облысы "қызыл" аймақта тұр.
Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары "сары" аймақта орналасқан.
⠀
Ал "жасыл" аймақта – Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.
Бұған дейін Ақмола облысы коронавирустың "қызыл" аймағында болатын.
Пікір қалдыру