Нұрлан Нығматулин: Мәжіліс үкіметтің бюджеттің атқарылуы туралы есебін қарайды

/image/2021/06/04/crop-64_9_660x880_073f9379-d01c-41c9-a762-8e19a88cf987.jpg

Бүгін мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Алдағы жалпы отырыста депутаттар қарауына Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  және  Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы  республикалық  бюджеттің атқарылуы туралы есептері ұсынылатын болады.

Бюро отырысында депутаттарға бірқатар заң жобаларын II оқылымда қарау ұсынылды. Атап айтқанда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, сондай-ақ, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары бар.

Суретті түсірген Ж.Құспанов

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын II оқылымда қарау көзделіп отыр.

Мәжілістің баспасөз қызметі

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар