Осыдан 53 жыл бұрын дәл осы күні АҚШ президенттігіне басты үміткер болған сенатор Роберт Кеннедиге қастандық жасалған болатын.
Лос-Анджелестегі "Амбассадор" қонақ үйінің асханасында оған револьвер қаруынан бірнеше оқ атылып, Кеннеди алған жарақатынан 26 сағаттан кейін көз жұмған. Күдікті ретінде Серхан Бишар есімді палестиналық азамат ұсталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Бұл оқиға Кеннеди отбасындағы, қала берді билік басындағы адамдарға жасалған тарихтағы алғашқы қастандық емес еді. Осы видеода президенттерге жасалған қастандық әрекеттерінің кейбірін қысқаша шолып өтеміз.
Пікір қалдыру