Бүгін 11 маусымда қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Оспанов АҚШ-тағы және Professional Fighters League (PFL) промоушны аясындағы бірінші айқасында жеңілді. Ол "Баскесер" лақап атымен белгілі америкалық Крис Уэйдке есе жіберді деп хабарлады Sports.kz.
Кездесу 2-раундта аяқталды. Алдымен Уэйд Оспановқа тізесімен қатты соққы жұмсап, артынша жұдырығымен бірнеше соққы жасап қарсыласын сұлатып түсірді. Оспанов жекпе-жек аяқталғанға дейін ұпай саны бойынша алда келе жатқан.
Бұл Арман Оспановтың ММА-дағы төртінші, PFL промоушнындағы бірінші жеңілісі. Ал қарсыласы Крис Уэйд он тоғызыншы, PFL промоушны аясындағы жетінші жеңісіне қол жеткізді.
Пікір қалдыру