Жамбыл облысы Меркі ауданында бірнеше ер адам арасында жанжал болып, соның салдарынан бір адам көз жұмды. Оқиғаның жай-жапсарын Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов айтып берді.
Оқыс оқиға 9 маусым сағат 21:20-да болған. Полиция мәліметінше, шаруа қожалығының иесі мен жергілікті 3 тұрғын арасында жанжал туған. Оның барысында ер адамдардың бірі фазенда иесіне тіркелген тегіс ұңғылы мылтықтан оқ атып, шаруа қожалығының иесін жаралаған. Артынша шаруа қожалығының иесі оқ атқандардың соңынан қуып, олардың көлігін соққан. Жол апаты кезінде көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, тағы бір ер адам аяғы мен қолынан жарақат алып, Меркі ауылындағы аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.
Қазір таңда аталған оқиғаның барлық қатысушылары ұсталып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған. Істің мән-жайы анықталуда.
Пікір қалдыру