Н.Назарбаев "Самұрық-Қазына" басқарма төрағасы пен "Лукойл" компаниясының президентін қабылдады

/image/2021/06/15/crop-159_1_542x723_kmo_168013_00013_1_t218_161116-3.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен "Лукойл" компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады.

Сайт мәліметінше, кездесуде мұнай-газ саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспары талқыланған.

– "Лукойл" компаниясы – Қазақстанда бұрыннан келе жатқан ірі инвесторлардың бірі. Сіздер "Теңіз", "Қарашығанақ" сияқты кен орындарында жұмыс істейсіздер, "Каспий құбыр консорциумының" инфрақұрылымдық жобасына қатысып жатырсыздар, – деді Назарбаев.

В.Алекперов Елбасыға бірлескен жобаларды іске асыру, соның ішінде Каспий теңізіндегі бірқатар кен орындарын игеру арқылы Қазақстан экономикасына салынатын инвестиция көлемін арттыру жоспары туралы айтқан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар