Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "күзге дейін 10 миллион адамға вакцина салу міндеті орындалмаса, отставкаға кетуге дайынсыз ба" деген сұраққа жауап берді.
– Кез келген үкімет мүшесінің кез келген мәселесі мемлекет басшысына байланысты. Сол себепті біздің жұмысымызға қандай баға берілсе, сондай шешім қабылданады. Вакциналау жоспарының орындалуы әр қазақстандыққа байланысты. Вакцинация – ерікті. Бұл орайда біз ешкімді де мәжбүрлей алмаймыз. Тек түсіндіру жұмыстарын, тек ақпараттық қолдау ғана жүргіземіз, – деді Цой.
Бұған дейін министр қыркүйекке дейін 10 млн адамды вакциналау жоспарланып отырғанын айтқан. Бүгінде елде вакцинаның бірінші компонентін 2 587 884 адам алса, екінші компонентін 1 480 309 адам алған.
Пікір қалдыру