Ақтөбе облысының Қобда-Ойыл тасжолындағы жол апатынан қайтыс болған мектеп директорларының суреттері жарияланды.
Осыдан 2 күн бұрын Ақтөбе облысының Қобда-Ойыл тасжолында ірі жол апаты болған. Ойыл ауылынан Қобда ауылына қарай жүріп келе жатқан Тoyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, көлікті басқара алмай қалған.
Көлікте 4 мектеп директоры болған. Олар Ойыл ауданының қасиетті жерлеріне демалуға барып, демалыстан үйлеріне қайтып келе жатқанда жол апатына ұшыраған. Сапар жұмыс сапары болмаған.
Көліктің рөлінде болған қалалық №33 мектептің директоры Альмира Орақова мен №20 мектептің директоры Бағдат Ұрынбаева оқиға орнында жан тәсілім етті. Бағдат Ұрынбаеваның соңында екі қызы қалды. Ал Альмира Орақова тұрмыста болмаған. Марқұмдар ертең жер қойнына тапсырылады.
№25 мектептің басшысы мен жаңа орта мектептің басшысы Ойыл аудандық ауруханасында жатыр. Бірі ауыр халде. Бүгін оларды Ақтөбеге әкелу үшін санавиация ұшағы кетті.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде 2 мектеп директоры жол апатынан көз жұмды
Жол апатынан зардап шеккен мектеп директорларының жағдайы анықталды
Пікір қалдыру