"Көпбалалы отбасыларға 285 пәтер беріледі". Құжат қабылдау басталады

/image/2021/06/26/crop-11_7_866x1155_2bf72f793c43ba8a054260a663c81d6b_1611521695.jpg

Нұр-Сұлтан қаласында көп балалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттар қабылдау басталады. Бұл туралы елорданың тұрғын үй орталығы хабарлады.

"Бұл бағдарламаға "Көп балалы отбасылар" санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған көп балалы отбасылар (тек атаулы санат) қатыса алады" делінген хабарламада.

Пәтерлердің жалпы саны – 285.

Екібөлмелі пәтерлер, ауданы – 53,4-57,7 шаршы метр аралығында.

Орналасқан жері: Қордай көшесі, 79 ,79а және Абылай хан, 56, 56а көшесі;

Қабылдау күні: 27 маусым сағат 00:00-ден 2021 жылғы 27 шілде сағат 23:59-ге дейін;

Құжаттарды қабылдау тек электрондық түрде көрсетілген кезеңде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы жүзеге асырылады;

"Шарттары: Нұр-Сұлтан қаласында "Көп балалы отбасы" санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұру.

Өтініш бергендер іріктеу қою күні мен отбасы құрамы бойынша құжат тапсырғандар арасында өтеді.

Қатысуға өтініштерді барлық жылдардағы (2006-2021) кезекте тұрғандар бере алады, алайда қатысуға өтініш берген кезекте тұрғандар арасынан алдымен кезекке ерте тұрғандар өтеді. Біз қандай жылдар өтетінін алдын-ала білмейміз, өйткені нәтижелер кезекте тұрғандардың қай жылдары өтініш беретініне байланысты, ал мұны болжау мүмкін емес" делінген хабарламада.

Өтініш беру үшін:

1) ЭЦҚ кілті;

2) Отбасының барлық мүшелеріне ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің болмауы немесе болуы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;

3) Балалардың туу туралы куәліктерінің/отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

4) Неке қию /некені бұзу/әке болуды анықтау туралы куәліктің /№4 нысан /қайтыс болу туралы куәліктің (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

5) Жылжымайтын мүліктің құқық белгілейтін құжаттарының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

6) Мүгедектік туралы анықтаманың (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

7) Созылмалы аурудың толық атауы, жеке бөлмеге мұқтаждығы және белгілі бір қабаты көрсетілген созылмалы аурудың медициналық қорытындысының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы.

Өтініштерді қарастыру нәтижелері туралы zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарында және тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар