"БАКАД" құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды

/image/2021/07/02/crop-42_32_853x1516_222222222.jpg

Премьер-министр Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының (ҮАААЖ) салыну барысын тексерді, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.

ҮАААЖ – Қазақстан мен Орталық Азиядағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы жол құрылысының ірі инфрақұрылымдық жобасы. Құрылыс-монтаж жұмыстарының құны 150 млрд теңгені құрайды. Жобаны Еуропа қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Еуразия даму банкі қаржыландырады. Концессия шартына 2018 жылы 20 жыл мерзімге қол қойылған. Концессионер – "Алсим Аларко", "Макйол Иншаат", "СК Экоплант", "Корея Экспрессвэй" секілді Түркия және Оңтүстік Корея компаниялары құрған "ҮАААЖ Инвестициялар және Операциялар" ЖШС.

Құрылыс алаңына шамамен 1600 адам мен 600 бірлік техника жұмылдырылған. Құрылыс аса белсенді жүргізілетін кезде 3 мыңға жуық адамды тарту жоспарланып отыр.

Асқар Мамин құрылыс-монтаждау жұмыстарының қарқынын арттыруды және барлық сапа стандарттарын қамтамасыз ете отырып, кестеден 2 жылға ертерек, жұмысты 2022 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар