Шымкентте мұғалімдер жалған сертификат сатып алып, ай сайын үстеме алып келген

/image/2021/07/08/crop-78_8_461x614_77.jpeg

Шымкентте  348 мұғалім  өз санатын жоғарлату үшін  жалған сертификат сатып алып, мемлекеттен төленетін үстемақы алып келгені анықталды. Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлады. 

Сайт мәліметінше, тексеріс нәтижесінде көптеген педагогтің аттестациядан өтпегені, тіпті тестілеу орталығына келмегені, құжатты сатып алғаны анықталған. Ал қала мектептерінің бірінде директор болған педагог осы іске қатысы бар күдіктілердің бірі болып отыр. Мұғалімдердің 80 пайызы екі жыл ішінде алған үстемақыларын бюджетке қайтарып үлгерген. 

– 2018-2019 жылдары Шымкент қаласының 348 педагогы осындай жалған ақпаратқа ие болып, ұлттық біліктілік тест тапсырмай-ақ немесе одан құлап қалса да, арнайы осы тестілеуден өтті деген жалған құжаттарымен осындай санаттарға ие болған. Солай өкіметке 194 399 000 теңге қаржыға зиян келтірген. Шымкент қалалық білім басқармасының бас маманы Досжанов Қасымхан және сол кездегі 79 мектептің директоры, оқу ісінің меңгерушісі болған Қарабаева Айнұр деген азаматшалар күдікті деп танылды. Әл-Фараби ауданында сот процестері жүруде, – деді Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.  

Қаланың бас ұстазы жалған куәлік алып, басы дауға қалған мұғалімдер енді біліктіліктерін қайта дәлелдеуі үшін сынақтан өтуі мүмкін екенін, бәрі сот шешіміне байланысты екенін айтты. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар