Трамп Facebook, Twitter және Google-ді сотқа беретінін мәлімдеді

/image/2021/07/08/crop-10_8_436x774_photo_367122.jpeg

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 6 қаңтарда өткен конгресстегі рейдтен кейін Facebook, Twitter және YouTube-ті өзіне цензураға қойғаны үшін сотқа беретінін мәлімдеді.

Нью-Джерсидегі гольф клубында осы іске қатысты мәлімдеме жасаған Трамп, сот ісінде жалғыз талапкер болатынын, ал үш компания ұжымдық жауап беруші болатынын мәлімдеді.

– Мен бүгін еркіндігіміз бен сөз бостандығымыз үшін өте маңызды хабар тарату үшін келдім. Америкалық саясат институты мен бас директорларға, сондай-ақ Facebook, Google және Twitter сияқты ірі технологиялық алпауыттарға қарсы шағымданушы ретінде ірі сот ісін жүргізіп жатырмын, – деді Трамп.

Ол сот ісі Флорида штатының Оңтүстік округінде жүргізілетінін және әлеуметтік медиа компаниялары ресми түрде жеке тұлға болғанымен, соңғы жылдары заң ережелерінен шығып жеке болудан қалғанын атап өтті.

Трамп әлеуметтік медиа компанияларын "іс жүзінде АҚШ әкімшілігінің цензура бөлімі" деп атады.

Twitter, YouTube және Facebook 6 қаңтарда Трампты конгресстегі іс-шараларға қатысы бар және 2020 жылы өткен президент сайлауында заң бұзушылықтарға барды деп айыптап, Трамптың өз платформаларындағы парақшаларын бұғаттаған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар