Нұр-Сұлтанда қайтадан карантин шаралары қатаңдатылады

/image/2021/07/08/crop-69_11_706x941_b200c0346a6ec3d2-1.jpeg

Елордада эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шаралары тағы да күшейтіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Ресми сайттағы мәліметке сәйкес, мониторинг топтары күшейтілген режимде карантин іс-шараларының сақталуын қадағалау жұмысын жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар Ashyq жобасына кірген нысандардың жұмыс сапасын бақылау да қатаңдатылады.

Күшейтілген карантинге байланысты төмендегі нысандардың жұмысы тоқтатылады:

  • жабық жағажайлар мен аквапарктер (бассейні бар);
  • қалалық жағажайлар, соның ішінде шомылуға рұқсат етілмеген жағажайлар;
  • ашық аквапарктер;
  • серуендеуге арналған кеме құралдары (теплоходтар, катерлер, қайықтар, катамарандар, су мотоциклдері және т. б.);
  • кинотеатрлар.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар