ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмагамбетова вакцина салдырғаннан кейін коронавирус жұқтырғандар санын айтты. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
– Бүгінгі таңда ел бойынша вакцина салдырғаннан кейін 2212 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Соның ішінде бірінші компонеттен кейін 1308 жағдай, екінші компоненттен кейін 904 жағдай анықталды
Вакциналарға жіктеп айтсақ, "Спутник-V" бойынша 2024 жағдай анықталды. Бірінші компонент – 1 190, екінші компонент – 834. QazVac бойынша 40 жағдай тіркелді. Сәйкесінше, 21 және 19. Hayat-Vax бойынша 140 (89/51) және CoronaVac бойынша 6 адам бірінші дозадан кейін коронавирус жұқтырған. Осының бәрін қоссаңыз 2 212 жағдай шығады. Бірақ бұл мәліметті абсолютті сандар көлемінде қолдану дұрыс емес деп ойлаймын, – деді А. Есмағамбетова.
Оның айтуынша, бүгінде елде 4 млн-ға жуық адам екпе алған. Соның 0,05 пайызы вакцина салдырғаннан кейін ауырған.
Пікір қалдыру