Ертеңнен бастап Ресейге кіру тәртібіне өзгеріс енгізіледі

/image/2021/07/09/crop-12_10_393x699_crop_tass-396985_1441977433.jpg

2021 жылғы 10 шілдеден бастап Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасын кесіп өту үшін COVID-19 ПТР сынамасының болуын "Путешествую без COVID-19" бағдарламасы арқылы растау қажет болады. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлім етті.

Ресей Федерациясы бас санитарлық дәрігерінің қаулысындағы өзгеріске сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары (Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы) 2021 жылғы 10 шілдеден бастап Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде "Путешествую без COVID-19" мобильдік қосымшасын қолдана отырып, COVID-19 ПТР тестінің теріс нәтижесін (Ресей Федерациясына келгенге дейін 72 сағаттан аспаған) растауы қажет.

Ол үшін алдымен "Путешествую без COVID-19" қосымшаны жүктеу керек. Содан кейін өтінімде көрсетілген тізімнен ең жақын зертхананы таңдау керек. Осыдан кейін ПТР сынағынан өтіп, нәтижесін алғаннан кейін QR кодын сканерлеу арқылы "Тесттер" бөліміндегі қосымшаға жүктеу керек (кодты зертхана береді). Шекарадан өткен кезде шекарашыларға осы кодты көрсету қажет.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар