Президент жаңа оқу жылы қандай форматта болатынын мәлімдеді

/image/2021/07/10/crop-30_26_785x1047_36993768-ceab-49a3-94eb-09c63a64df57.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында оқушылар мен студенттердің дәстүрлі оқу жүйесіне оралуын қамтамасыз етуді тапсырды.

– Пандемия кезінде оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға мәжбүр болды. Бұл жағдай білім сапасына кері әсерін тигізді. Сондықтан, өткен оқу жылында жіберілген кемшіліктердің орнын толтырып, жаңа оқу жылында көштен қалып қоймауымыз керек. Мұның бірден бір жолы – оқытудың бұрынғы форматына көшу екені анық, – деді мемлекет басшысы.

Президент коронавирустың жаңа штамдары пайда болып жатқан кезде дәстүрлі оқу форматына өту міндетін орындау оңай еместігін атап өтіп, оқушылар мен мұғалімдерді барынша қорғайтын кешенді тәсіл әзірлеу керектігіне назар аударды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар