"Қоғамдық көлік тоқтайды". 11 аймақта карантин күшейтіледі

/image/2021/07/12/crop-11_5_653x1162_174529521100.jpeg

Қазақстан аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылданды.

Отырыста комиссия төрағасы вице-премьер Ералы Тоғжанов мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларын түбегейлі қайта қарау,  19 шілдеге дейін шағын және орта бизнес қызметкерлеріне вакцинация жүргізудің нақты мерзімдерін қайта қарау және белгілеу, "Pfizer" компаниясымен келісімге қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және вакцинаны жеткізу туралы келісімшарт жасасуды қамтамасыз ету, 19 шілдеге дейін міндетті вакцинациялауға жататын қоғамның тіршілік ету салаларын анықтау секілді міндеттер қойды.

Сондай-ақ "қызыл аймақтағы" өңірлерде карантин шектеулерін күшейту туралы шешім қабылданды.

Оған сай:

- "Ashyq" жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары,  жабық жағажайлар мен аквапарктардың қызметі тоқтатылады.

Демалыс және мереке күндері:

- қоғамдық көліктің;
- "Ashyq" жобасына қатысушыларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтың, караокенің, көрмелердің;
- "Ashyq" жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілердің;
- "Ashyq" жобасына қатысушыларды қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);
- білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының;
- "Ashyq" жобасына қатысатындарды қоспағанда, фудкорттардың қызметіне ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!

 

Жұмыс күндері қызметтері шектеледі:
- "Ashyq" жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің қызметі 20-00 сағатқа дейін;
- ОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің "Ashyq" жобасына қатысуына қарамастан сағат 18-00-ге дейін;
- "Ashyq" жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандары, фудкорттар – сағат 20-00 дейін;  - "Ashyq" жүйесіне қатыспайтындар сағат 18-00-ге дейін.

21 шілдедегі жағдай бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары "қызыл" аймақта.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар