Қазгидромет оңтүстік облыстарды қоспағанда, Қазақстанның барлық аумағында ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталатынын хабарлады.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен күн күркіреп жаңбыр жауады. Кей жерлерде екпінді жел, оңтүстікте шаңды дауыл байқалады" делінген мекеме таратқан ақпараттық хабарламада.
Қазгидромет мәліметінше, батыста ауа температурасы түнде +15+23℃, күндіз +25+38℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6+20℃, күндіз термометрлер +10+28℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7+20℃, күндіз +15+30℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+23°С, күндіз +27+38°С болады.
Пікір қалдыру