Ақтаудан 350 шақырым жерде орналасқан Ақшымырау ауылында жергілікті шаруалар малдардың жем-шөбіне картон қосып беріп келеді. Бұл туралы жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев Facebook парақшасында жариялады.
Оның айтуынша, жергілікті шаруаның әйелі картонды суға езіп, сосын еріген картонды кебекпен және қалдықтармен араластырып малға береді.
Желі қолданушылардың бірі мұндай технология баяғыдан барын айтып, жем-шөпке картон қосып беру – жануарлардың ас қорыту жүйесінің қалыпты жұмыс істеуіне әсер етеді деген пікірде.
Маусым айында әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысында түйелер мен жылқылардың картон жеп тұрған видеолары тараған. Видеоларда қуаңшылық салдарынан болған жем-шөп тапшылығынан фермерлер осылай шығып отырғаны айтылған
Пікір қалдыру