Пәкістанда автобус жарылып, 10 адам қаза тауып, 28 адам жарақат алды. Бұл туралы India Times сайты хабарлады.
Жарылыс Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунва провинциясында болған. Қытайлық және пәкістандық құрылысшылар мен инженерлер мінген автобустағы жарылыстан 10 адам, оның ішінде 9 Қытай азаматы қаза тауып, 28-і жарақат алған. Жарылыстан кейін бір Қытай инженері мен бір сарбаз жоғалып кеткен.
Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Алдын-ала болжам бойынша бұл іске исламшыл содырлардың қатысы бар. Олар бұған дейін Қытайдың Пәкістандағы мүдделерін нысанаға алғаны хабарланған. Бейжің үкіметі жарылысты ұйымдастырғандарды қатаң жазалауды талап етуде.
Пікір қалдыру