Алдыңғы күндері 40 градусқа дейін ыстық болады

/image/2021/07/16/crop-30_31_476x846_pogoda-9.jpg

Елдің кей өңірінде 40 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.

17-19 шілде күндері елдің көп бөлігінде әлі де найзағаймен жаңбыр жауады. Тек Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-батысында құрғақ және ыстық болады. Кей жерлерде екпінді жел, солтүстікте кей жерлерде тұман күтіледі.

Батыста ауа температурасы түнде +17+25℃, күндіз +28+39℃, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында ауа температурасы түнде +6 +21℃, күндіз термометрлер +20+36℃, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +7+20℃, күндіз +23 +35℃, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнгі температура +12+22°С, күндіз +29+40°С болады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар