Коронавирус. Бір тәулікте 110 адам қайтыс болды

/image/2021/07/27/crop-11_12_490x871_2020-04-14t155604z_913060523_rc2f4g981shr_rtrmadp_3_health-coronavirus-usa-casua

26 шілдеде ПТР арқылы 6797 адамнан коронавирус, 23 адамнан пневмония анықталған.

25 шілдеде коронавирустан 86 науқас, коронавирус белгілері бар пневмониядан 24 пациент қайтыс болған.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес Түркістан облысы ғана "сары" аймақта, қалған өңірлердің бәрі "қызыл" аймақта орналасқан.

27 шілдедегі мәлімет бойынша, 85 163 адам коронавирустан, 1931 пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 24 328 пациент стационарда, 62 766 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Індетке шалдыққандар арасында  1461 адамның жағдайы ауыр, 306 пациенттің жағдайы өте ауыр, 182 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

27 шілдедегі мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 5 188 266 адам, II компонентін 3 356 960 адам салдырған. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар